УЧРЕЖДЕНИЕ "КОЛЛЕДЖ АГРОБИЗНЕСА И ЭКОНОМИКИ КАЗПОТРЕБСОЮЗА"
РУС КАЗ

«Жұмыс беруші күніне» орай іс-шара ұйымдастырылды

«Қазтұтынуодағы Агробизнес және экономика колледжінде» «Жұмыс беруші күніне» орай іс-шара ұйымдастырылды. 2022 жылдың 07 желтоқсанында «Жұмыс берушілер күніне» арналған дөңгелек үстел өтті. Өткізілген шара еңбек нарығындағы сұранысқа сәйкес мамандар дайындау, өндірістік оқыту мен кәсіптік тәжірибені ұштастыруға бағытталды. Сонымен бірге колледж білім алушыларының тәжірибелік жұмыстары іс- шара қонақтарына таныстырылды. Бұл іс- шараның мақсаты: мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін жұмыс берушілермен тиімді серіктестікті нығайту және дамыту. Ынтымақтастықтың жаңа формаларын құру.

Іс-шараға:

1. Абай облысы ҚР «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі Какимова Т.Е.

2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы»ММ басшысы Байтуяқов З.Б.

3. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты» ММ бас директоры Бердикенов Б.О.

4. «Шығыс Қазақстан аумақтық орман және мал шаруашылығы инспекциясының» бас маманы Мукушев Н. А.

5. «Семей орманы» мемлекеттік табиғи орман резерваты» ММ Семей қалалық филиалының директоры Бекенов Н. К.

6. «Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ кәсіптік оқыту бөлімінің басшысы Курмангалиев А. А. колледжіміздің әлеуметтік серіктестері қатысты.

Кездесуде ынтымақтастық, жұмысқа орналастыру, кәсіптік бағдар беру, студенттерді еңбек әрекетіне бейімдеу және дуалды оқытуды дамыту мәселелері талқыланды. Дөңгелек үстел ынтымақтастық туралы келісімге қол қойып, әлеуметтік серіктестерге алғыс хаттар табысталды.

Фотография 1 Фотография 1

Фотография 1

 9 декабря 2022